100 мыңнан аса жетісулық екпе қабылдады

3148
Adyrna.kz Telegram

Жетісу өңірінде соңғы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 101 477 адам салғызған, тағы 10 432 адам ІІ компонентін алды. Бұл туралы Алматы облысының бас санитар дәрігері Е.Сыдыманов мәлім етті.

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, вакцинаның І компонентін салдырғандардың 17 мыңнан астамы -  медицина маманы, 25 мыңдайы - педагог, сол сияқты учаскелік полициялар, студенттер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және тағы басқа азаматтар бар. ІІ компонентін 7298 медицина маманы, 2801 педагог, сол сияқты учаскелік полициялар, мемлекеттік қызметшілер және басқалар салды.

Бас санитар Е.Сыдымановтың айтуынша, өңірде вакцинадан кейінгі кері әсер мен асқынулар тіркелмеген. Атап өтсек, Алматы облысында 239 егу пункті, 134 көшпелі бригада жұмыс істейді. Әр пункт 7 мыңнан астам адамды қабылдай алады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер