Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Президент қол қойды:
- "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
- "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
- "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына.
"Адырна" ұлттық порталы