"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров тойда ұсталды

3744
Adyrna.kz Telegram

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырған, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде жарияланған той видеосы Шымкент қаласының "Караван" кафесінде түсірілген болып шықты. Мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров кафеде қыз ұзату тойын ұйымдастырған.

"Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолдады.

Осы жағдай бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймыз", - деп уәде берді департамент өкілдері.

Сондай-ақ, департаменттегілер "Коронавирус, кет, кет кет" орындаушысының әлеуметтік желідегі жарияланған тойдағы видео кадрларынан Марат Омаров, Сабина Алтынбекова, Қайрат Тунтеков және басқа да кештің қонақтарын байқауға болады.

Марат Омаров өз сөзінде:

«Кейбіреулер осы ақпаратты пайдаланып, бұл мен ұйымдастырған той деп ақпарат таратып жатыр. Бұл фактпен қазірдің өзінде менің адвокаттарым айналысып жатыр. Себебі бұл мерекеге менің ешқандай қатысым жоқ. Интернетте таратылған ақпарат жалған. Менің адвокаттарым жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа жүгінбекші"деді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер