Вакцина алғаннан кейін бетпердесіз жүруге бола ма?

3136
Adyrna.kz Telegram

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар адамдар көп жүретін жерлерге бармағаны дұрыс. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева мәлімдеді.

Әзімбаеваның айтуына қарағанда, вакцина алғаннан кейін адам өзін жақсы сезінсе, таза ауада серуендей алады.

«Мұның еш қаупі жоқ. Алайда адамдар көп шоғырланатын жерге бармаған абзал. Бетперде тағуды да ұмытпаған жөн. Себебі антиденелердің түзілуі вакциналаудан соң тек 12-14 күн өткеннен кейін басталады», – деді ол.

Сонымен қатар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің екпе салдырғанын айтып, енді қандай сақтық шараларын сақтау керектігін сұрады.

«Екпе салдырғаннан кейін көп адамның ыстығы көтеріледі. Сондықтан дене қызуын басатын дәрі ішуге болады. Алайда бұл күй екі күннен ұзаққа созылмайды. 2-3 күн монша мен саунаға бармай, жалпы шомылудан аулақ болу керек. Себебі артериалды қысым көтерілу қаупі бар. Ал бұл ағзаның жалпы жағдайына әсер етеді», – деді денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы Әзімбаева.

Ол буын мен бұлшық еттегі қатты ауырсыну жағдайында дәрігерге қаралу керек екенін де ескертті.

«Егер шыдауға болатындай ауырсыну болса, онда арнайы ем қабылдамауға болады. Екі-үш күн өткен соң бұл симптомдар кетеді», – деді ол.

Пікірлер