Жетісуда Бейсен Құранбек атындағы сынып ашылды

5504
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысындағы Қызылжар ауылында Ж.Жапаров атындағы орта мектепте белгілі журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбекке арналған сынып ашылды. Салтанатты жиында келген қонақтар Бейсен Құранбекке арналған көрмені аралап тамашалады.

Сыныптың ашылу құрметіне орай, ауыл ақсақалы Тоқтасын Рахманбеков бата беріп, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев, Бейсен Абайұлының сыныптасы Жарас Тоқтасынұлы мен мектептің озат оқушысы Меруерт Адасхан мұражай лентасын қиды.

Шара барысында аудан әкімі жүрекжарды лебізін білдіріп, Бейсен Абайұлының осынау қасиетті Күреңбел өңірінің Қызылжар ауылында дүниеге келіп, оқып, білім алып, қысқа ғана ғұмырында биік белестерді бағындырған тілге тиек етті. Отыз жыл өмірін отандық  бұқаралық ақпарат құралдарына қызмет етуге арнаған оның «Қазақстан» Ұлттық арнасында жүргізген «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларын көрерменнің сүйсіне тамашалағанын тебірене жеткізді.

Кеудесін қара өлең нәріне толтырған мектеп оқушылары қарымды журналистке арнаған өлеңдерін оқыды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер