АҚШ офицері: Ресей ыдыраған соң, Қырым тәуелсіз ел болады

6986
Adyrna.kz Telegram

Украина мен Ресей арасындағы саяси жанжал ушығып, кезекті әскери қақтығыс алдында тұр. НАТО, Ресей және Украина сарапшылары соғыстың қандай сценариймен өрбитіні жайлы түрлі болжамдар айтуда. "Ресей Федерациясы ыдыраған соң, Қырым Украинаға қайтып оралмауы да мүмкін" дейді украиндық Obozrevatel ақпарат көзіне берген сұхбатында НАТО-ның Мәскеудегі өкілі болған, АҚШ Теңіз күштерінің зейнеттегі капитаны Гарри Табах.

«Ресей ертең ыдырап кетуі ғажап емес. Ол ресейліктер үшін де жаман емес қой. Қырым Украинаға одақтас, тату көрші болатын тәуелсіз ел болуы мүмкін немесе Украинаның құрамына қайта оралады», — деді ол.

Ол Украинаның шығысындағы сепаратистер қолындағы Донецк пен Луганск аймақтарына қатысты да сондай пікір білдірді. Оның ойынша қазір Украина әскері Донбассты қайтарып алатын әлеуетке ие.
«Бір күннің ішінде бұл шешілмейді. Сіздердің министрлеріңіз дұрыс айтады, ол жағдайды бағамдап отыр, тікелей жұмысы ғой», — дейді офицер.

Офицер Еуропа мен АҚШ Ресейге жұмсақ позиция ұстанып отырғанын айтады. Оның ойынша Ресейді қыспаққа алуды күшейту керек.

Ресей 2014 жылы Қырымда Украинадан тартып алған болатын. Өткізілген референдумды Ресей халықаралық талаптарға сай десе де, Қырымды әлемнің тәуелсіз елдері Украинаның бөлінбес бөлшегі санап келеді. Ресейдің агрессиялық саясатына қарсы Батыс әлемі санкция салып, Мәскеу-Вашингтон арасындағы саяси қақтығыс ушығып кетті.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер