Юрий Гагариннің жарияланбаған ақиқаты: «Өртеніп жатырмын, қош болыңдар, жолдастар!»

2537
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 60 жыл бұрын қазақ жерінен ең алғаш Гагарин ғарышқа аттанып, Байқоңыр әлемдегі ірі әрі тұңғыш ғарыш айлағына айналған болатын. "Адырна" ұлттық порталының тілшісі Байқоңыр ғарыш айлағы туралы көбі біле бермейтін қызықты деректермен бөліседі. 

Байқоңыр - Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала. Жалға алу мерзімі 2050 жылы аяқталады.

1950 жылы Қазақ даласында ғарыш айлағын салу құрылысы басталғанда ықтимал қарсыластарды алдау үшін Қарағанды облысының Байқоңыр кентінде ағаштан тағы да бір ғарыш алаңы салынған.

"Байқоңыр" ғарыш айлағының астанасы - Байқоңыр қаласы. Қала құрылысы 1955 жылдан басталған.

50 жылдың ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1500-ден астам әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараты, 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета, негізгі ракеталардың 38 түрі, сондай-ақ 80-нен астам ғарыш аппараты және оның модификациялары ғарышқа ұшырылды.

130-дан астам отандық және шетелдік ғарыш «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға ұшып шықты.

Тұңғыш ғарышкер деп атап жүрген Юрий Гагаринді "ғарышкер" емес, "астронавт" деп атаған екен. Бұған дәлел, Мәскеуге жіберілген құттықтау хаттар. Оның ішінде Франция, Ұлыбритания, АҚШ басшылығы бар.

Байқоңыр қаласын бұрын Ленинск деп атаған. Көптеген ракеталар ұшырылып, қаншама адамның өміріне зардабын тигізді. Сорақысы, мұның барлығы Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын орын алған-ды. Ракеталар жарылды, көп адам қаза тапты.

Юрий Гагарин: «Я горю, прощайте, товарищи!» — «Өртеніп жатырмын, қош болыңдар, жолдастар!», - деп айқайлағанын әлі күнге дейін ешкім ашып жазбады.

1998 жылы екінші рет ғарышқа ұшқан қазақ Талғат Мұсабаев "Мир" орбиталық станциясын өзі құтқарған екен.

2001 жылы Талғат Мұсабаев америкалық турист Денис Титомен бірге ғарышқа ұшты.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер