Үстіміздегі жылдың оныншы сәуірінде ҚР ҰҚК Шекара академиясының ауласына шекарашы курсанттардың қатысуымен елімізге әйгілі “Алматы апорты” ағашының 200 көшеті отырғызылды.
Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі практикалық шараларды іске асыруға кірісуді тапсырған. Сонымен қатар, Президен ұлттық парктер мен елдің басқа да табиғи байлығын заңнамалық және нормативтік тұрғыдан қорғау қажеттігін атап өткен болатын.
- Аталмыш шара, ел Тәуелсіздігінің 30 және Академияның 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.


Жанат Жабырбеков,
ҚР ҰҚК Шекара академиясының
баспасөз хатшысы