Рамазан уақыты неге шегерілді?

4969
Adyrna.kz Telegram

11 сәуір, жексенбіде Сауд Арабиясының Жоғарғы соты бұл күні жаңа айдың туғанын ешкім көре алмаған соң Парсы шығанағы елдеріндегі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы дүйсенбіде басталмайтынын белгіледі. Бұл туралы Сауд Арабиясының SPA жаңалықтар агенттігі таратқан сот хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Жаңа жарты айдың пайда болуын байқау мүмкін емес болғандықтан сот Рамазан айының басталуы туралы шешім қабылдау үшін ертең кешке жиналады", - делінген хабарламада.

Сауд Арабиясының бұл мәселедегі пікірін көптеген басқа араб елі ұстанады, дегенмен олардың әрқайсысы өз астрономдары мен теологтарының есебіне сүйенеді.

Дегенмен, дүйсенбіде ораза айы Мысыр, Ирак, Тунис, Ливан, Кувейт, Йемен, Оман, БАӘ-де басталмайды.

Бұл елдерде дүйсенбіде ай туғаны көрінбесе, Рамазан көптеген араб елінде сейсенбіде 30 күннен тұратын Шаабан айы аяқталғаннан кейін пайда болуы мүмкін, дегенмен кейбір елде, соның ішінде Сауд Арабиясында шаңды ауа райына байланысты Шаабан айының басталу күніне күмән бар. Сондықтан Рамазан сәрсенбіге де белгіленуі мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер