Украина Германияны Ресеймен арадағы экономикалық қарым-қатынасты үзуге шақырды

5498
Adyrna.kz Telegram
Украинаның Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі Андрей Мельник Германия үкіметін Ресеймен арадағы экономикалық қарым-қатынас пен байланысты үзуге шақырды.
"Германияны Ресеймен арадағы сауда, экономикалық қатынастарды тоқтатуға шақырамын. Көмір мен темір, мұнай экспортымен қатар "Солтүстік ағым-2" алып жобасынан да бас тартуға, сонымен қатар Ресейдің Германиядағы облигациялары мен активтерін де блоктауға, агрессор елге халықаралық бойкот қабылдауға шақырамын. Одан да Германия қазіргі кезде Украинамен саяси-дипломатиялық, экономикалық жақын  қарым-қатынаста болғаны жақсы болар еді" деді,-өз сөзінде Мельник.
Кеше ғана Ресей президенті әкімшілігінің басшысының орынбасары Дмитрий Козак Германия мен Францияны Донбассқа қатысты дұрыс позиция ұстанбай отыр деп сынаған болатын.
Украина мен Ресей арасында соғыс басталуға шақ қалып тұр. Бүгін АҚШ-тың соғыс кемелері Түркия арқылы Қара теңізге бет алды. Оған қарап отырмай, Ресей тарапы да Қара теңізге өзінің соғыс кемелерін жіберді.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
 
Пікірлер