Алматыда жыл басынан бері 461 мас жүргізуші ұсталды

3392
Adyrna.kz Telegram

Жыл басынан бері жол полициясы көлік жүргізу кезінде мас күйде рөлге отырған 461 жүргізушіні ұстады. Жол ережесін бұзушыларға қатысты 15 тәулікке қамаудан 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруға дейінгі әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаның қатаңдатылғанына қарамастан, мас жүргізушілер саны азаймай отыр дейді.

«Практика көрсеткендей, мас жүргізушілер ауыр зардаптарға әкелетін үлкен көлік апаттарына кінәлі. Олар жауапкершіліктен жалтарғысы келеді. Бірақ бұл жерде ақталудың қажеті жоқ, егер бәрі мас болатын нәрсені қолданғысы келсе, онда рөлге отыруды ұмыту керек.Оның түзетілмейтін салдары болуы мүмкін. Шындыққа тура қарасақ, мас күйінде көлік жүргізген адам - қылмыскер», деді Алматы қаласы ЖП Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Пікірлер