Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі және басшысы Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық жетекші консалтинг компаниясы өткізген СЕО Survey 2021 сауалнамасының нәтижесі бойынша Қазақстандағы үздік басшы атанды. Михаил үшінші рет қатарынан үздік атанып отыр.
Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді:
«Біздің жұмысымызды бағалағандардың барлығына және зерттеуді жасаған PwC компаниясына алғыс айтамын. Бұл сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартып, инновациялық сервистер жасап жүрген біздің тамаша командамызды кезекті мойындау. Өткен жылы біз Kaspi.kz-тің табысты IPO-сын өткізіп, Қазақстанды әлемдік инновация картасына қостық және халықаралық инвесторлар алдында еліміздің тартымдылығын айтарлықтай арттырдық. Біз өз тарапымыздан сүйікті клиенттерімізді ары қарай да әлемдік деңгейдегі инновациялық қызметтермен таңқалдыра беруге уәде береміз».
Зерттеуге экономиканың түрлі секторындағы қазақстандық компаниялардың 71 басшысы қатысқан. Респонденттер Kaspi.kz-тің ІРО-ға табысты шығуы мен команданың кәсібилігі, компанияның технологияға бейімділігі мен Kaspi.kz басшысының стратегиялық көрегендігін атап өткен.
PwC аталған зерттеуді бүкіл әлем бойынша 24 жыл бойы және соңғы 9 жылда Қазақстанда өткізіп келеді. Сауалнаманың басты мақсаты — басшылардың жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдайды бағалап, түрлі қатерлер мен бизнесті дамыту туралы пікірін білу.
Зерттеудің толық нұсқасымен PwС сайтында танысуға болады: https://www.pwc.kz/en/publications/ceo-assets/ceo-survey-2021-24-rus.pdf
"Адырна" ұлттық порталы