Вакцинациялау арқылы чип орнатады деген ақпарат рас па?

671

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде тараған "вакциналау арқылы адам ағзасына чип орнатады екен" деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik kz сайтына сілтеме жасап. 

Жаппай вакциналау тоқтатылады: Алматыда екпе салуға қатысты өзгеріс енгізілді

Министр Мусин жақында ғана екпе салдырды. Ол онлайн-брифинг кезінде денсаулық сақтау саласына толық сенетінін мәлімдеді. Министрдің пікірінше, егер аталған ведомство Қазақстан аумағында вакцина қолдануға рұқсат берсе, онда ол препарат зерттелген және ешқандай күмән болмауы керек.

Бағдат Мусин адамды чиптеуге қатысты өз ойын ортаға салды.

"Вакцина – адам ағзасына егілетін сұйықтық. Оның цифрлық құралға айналатыны жайлы әңгімені нағыз фантастика дер едім. Цифрлық саладағы біліміме сүйеніп айтар болсам, вакцинаның адамзатты чиптеуге негіз болуы екіталай", - деп түйіндеді Бағдат Мусин.

Пікірлер
Редакция таңдауы