Қытай мен Қазақстан арасында қатынайтын пойыз пайда болды

2926
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/c5e724fe-567d-4139-b27c-2de79a944b6d.jpeg
Биылғы жылғы 1 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласына Наньнин қаласының Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының (ГЧАА) әкімшілік орталығынан пилоттық контейнерлік пойыз келді. Жаңа қызмет «Бір белдеу – бір жол» қазақстандық – қытайлық бастаманы іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі. Контейнерлік пойыз 17 наурызда Наньнин халықаралық теміржол портынан жолға шығып, 5 мың шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, ауыр құрылыс техника артылған 49 қырық футтық контейнерді жеткізді.
«KTZ Express» АҚ Қытайдағы өкілдігінің басшысы Нұрсұлу Жолбасқанованың айтуынша, жаңа логистикалық арна жүкті жеткізу уақытын 3 есе үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұрын Құрылыс техникасы автомобиль көлігімен тасымалданатын. Жеткізу уақыты 45 күннен асатын.
Комментарии