Саясаттанушының АҚШ пен Ресей текетіресі туралы болжамы дәл келді

9147
Adyrna.kz Telegram
Ресейлік 30 жастағы саясаттанушы, "Время Евразия" бағдарламасының жүргізушісі Юрий Самонкиннің АҚШ пен Ресей арасындағы текерітес жайындағы 8 ақпан күнгі жариялаған саяси сараптамасы дәл келді. Саясаттанушы Юрий Самонкин 2021 жылы көктем айларында АҚШ пен Ресей арасындағы кикілжің ушығып, Украина мәселесі қолға алынады және бұрынғы Ресейден іргесін бөлек алып кеткен КСРО құрамындағы елдерге (мұнда Орталық Азия елдерін айтып отыр) АҚШ-тың геосаяси ықпалы артады деген. Қара теңіз бен Днестрьде де саяси процестер күшейетінін болжаған.
АҚШ түптің түбінде бұрынғы КСРО құрамындағы елдерді өзінің саяси ықпалына кіргізеді және олардың Ресейден біртіндеп алыстатады деген. АҚШ ықпалымен іске асатын осы процесте Өзбекстан мен Тәжікстан тарапы зардап шегуі мүмкін делінген. Ал, Қазақстан мүмкін болғанша әлсіздік танытпауы керек деп тоқтаған. Неге десеңіз, Қазақстанды өз саяси ықпалынан шығарып алу Ресейге өлімнен де ауыр тиеді.
Саясаттанушы Қазақстанды Еуразиялық экономикалық одақта Ресеймен бірге болғанымен, бір құйрығы АҚШ-тың ықпалында жатыр, сондықтан да Қазақстан үшін геосаяси тартыс мүмкіндігінше күрделі жағдайда өтуі мүмкін депті. Бұл тұста Қазақстанның халықаралық аренада ұстанған көпвекторлы саясатын АҚШ-тың өзі де тиімді көріп отыр. Саясаттанушы Қазақстандағы билік вертикальін Ресей үшін тиімді фактор санаған. Бірақ АҚШ-тың ықпалы жүріп кетуі де мүмкін деп болжапты.
Қазақстанның сыртқы саясатта ұстанған өзіндік дербес саяси позициясының геосаяси қарбалас уақыттарда көмегі тисін деп құдайдан тілейік!
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер