Шенеунік пара алғанын мойындады

3211
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшылығына қатысты пара алу фактісі бойынша тергеу аяқталғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеп.

«Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі" басшылығына қатысты бір миллион теңге шамасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған Мұнайлы ауданындағы ауылішілік жолдарды салу кезінде патронаттық көмек көрсеткені үшін заңды тұлғалардан тергеу жұмысы жүршізілді, деді брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ерекше маңызды істері жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәсін мойындады.

«Айта кету керек, бұл құрылыс нысандары Маңғыстау облысының прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және азаматтық қоғам тарапынан бірнеше рет сынға алынды. Атап айтқанда, бұған дейін жарияланымдар әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен қоғамдық пікірге ие болған жарияланымдар болатын Мұнайлы ауданында жол салу кезіндегі сапасыз жұмыс фактілері бұған дәлел», деп қосты ол.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер