Алакөл ауданында "Жалын" қала сыртындағы лагері ашылмақ

3723
Adyrna.kz Telegram

Алакөл ауданында «Жұмыспен қамтудың  жол картасы»  бағдарламасы аясында «Жалын» қала сыртындағы лагері ашылады.

Мектепте тоғыз айға созылған оқудан босайтын балалардың жазғы демалысын ата-анасы жоспарлап қояды. Бірі ауылға ата-әжесіне барса, бірі сауықтыру лагерлеріне баруды жөн санайды. Табиғаты әсем де көркем жерде орналасқан лагерь кез-келген балаға үлкен әсер қалдыратыны сөзсіз.

Айдынды Алакөл жағалауында балаларға арналған сауықтыру орынының жұмысы қолға алынып, Жетісулық  бүлдіршіндерінің демалысын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында өңірде жаңа балалар кешені бой көтермек. Аталмыш лагерь жұмысына жауапты Алматы облысы құрылыс басқармасы. «Жалын» қала сыртындағы балалар демалыс орнының жобасына сәйкес лагерь аумағында 20 орындық бес жатын корпус, бір шығармашылық үй, бір асхана, персоналға арналған жатақхана, бір медпункт, балалар алаңы, балалар қалашығы, спорт алаңдары, қонақ үй қарастырылған.  Жазғы демалыс кезінде бір маусымда 100 – ден астам баланы қабылдау көзделіп отыр. Ол дегеніміз бір маусым он күн аралығын қамтыса, алты маусымда 600 дей балаға демалуға мүмкіндік жасалады. Демалыс орнына келетін балалар тобы жас ерекшеліктеріне байланысты жинақталады. Құрылысы кезінде 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде штаттық режимде 47 тұрақты жұмыс орның ашу қарастырылуда. Мамандардың айтуынша Ақши ауылы маңында бой көтеретін «Жалын» қала сыртындағы лагерінің ғимараттары мен құрылыстары қазіргі заманғы талаптарға сай жасақталады. Бұл өз кезегінде балалардың емін-еркін демалуына қолайлы жағдай жасау мен салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етпек.

 

 

 

 

Пікірлер