Әке жолын жалғаған жас дәрігер

2415

Нұрсұлтан Назарбаев орда бұзар 30 жасында медициналық орталықты басқарып отырған білікті мамандардың бірі. Н.Налиханұлы 2012 жылдан бері денсаулық сақтау саласында еңбек етіп келеді. Ақ халатты абзал жан науқастарға хирургиялық және оңалту бойынша емдеу шараларын жүргізеді. Жылына 200-ден аса азаматқа медициналық кеңес береді.

Медицина маманы отбасымен дәрігерлік жолды таңдаған. Әкесі, анасы, інісі және қарындасы денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Халықтың саулығы үшін қызмет атқарған отбасыға көпшілік тамсана қарайды.

Қазір Нұрсұлтан «NazMed» медициналық орталығынының бас дәрігері. Назарбаев пен ұжымы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетеді. Маман ұйымдастырушылық қабілетінің және көпшілікпен жұмыс жүргізе алуының арқасында халықтың алғысына бөленген.

Нұрсұлтан Налиханұлы кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Алматы қаласында реабилитолог мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен. Білімін жетілдіруден жалыққан емес. 2020 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп, PHD докторантурасы бойынша білім алуда.

Сонымен қатар, жас маман ғылыми жұмысты да бірге алып келеді. Ол – медицина ғылымының магистрі. Дәрігер үшін алғашқы академиялық дәреженің рөлі маңызды екенін атап кеткен жөн.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы