Көлік ұрланды: дәлелдер мен айғақтар табылар емес

1478

Алматы қаласы, Зерделі ықшам ауданында, 25 наурызда автокөлік ұрланды. Көпбалалы отбасының көлігін қағып кеткен ұры әлі іздестірілуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

25 наурыз сағат таңғы 03.52-де "Toyota Camry 50" автокөлігі ұрланды. Орын алған жағдайды "Адырна" тілшісіне көлік иесінің жары:

"Таңғы сағат 7-де біз тұрдық, сол кезде жолдасым ауладан машинаның жоқ екенін көрді. Кейіннен ауланың камерасынан қараса, сағат 03.52-де шығып кеткен машина. Ауланың ғана камерасынан көрінген, ары қарай трассадағы сергек камераларының ешбірінен көрінбейді. Бұрылғаны көрінбейді, қалай қарай кеткені белгісіз. Бүгін міне неше күн болды, әлі ешқандай жаңалық жоқ. Ең болмағанда, қай жаққа қарай кеткені жайлы да айтпай отыр. Сол 25-і күні жолдасым полициямен барлық камераларды қарады, бірақ нақты еш айғақтар көрінбейді. "Сергектерден, көліктің түсін ажырату мүмкін емес" дейді жолдасым. Ол уақытта бірнеше машина шыққан, бірақ оның қайсысы екендігі көрінбейді. Біз жақта жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, жұмыскерлер бордюрлар қойып тастаған. Солардың кесірінен камерадан қылмескердің бет-жүздері де анық емес. Тек қана машинаның жүріп кеткені байқалған, камераға капюшон, кепка киген  екі баланың ары-бері жүргендері түскен" деп мәлімдеді.

 

 

Полиция әлі ашығын айтпады деп ашынған көп балалы отбасының  5 күннен бері табылмай жатқан көлігін жымқырған ұрылар, әлі де іздестірілуде. Қоса кетейік, автокөлік сұр түсті, алдыңғы жолаушылар есігінде ойығы бар және капот аймағындағы бояуы өшірілген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар