Бүгін - Кока-Коланың туған күні

756

29 наурыз – әлем халқы сүйсіне ішетін Кока-Коланың туған күні. Дәл осы күні америкалық фармацевт Джон Памбертон сусынның рецептісін ойлап тапқан. Ол кока жапырақтарын қайнатып, оған кофеин мен қантты қосып Кока-Коланың алғашқы түрін дайындаған.  Бастапқыда бұл сусын тек дәрігердің рұқсатымен дәріханаларда сатылған.. Кейінірек Фрэнк Робинсон Коланың бізге таныс логотипін шығарған.  Уақыт өте сусынға газ қосылған.

Джон Пембертон дүниеден өткен соң, Коланың рецептісін АҚШ кәсіпкері Аза Кендлер небәрі  2300 долларға сатып алады. Ол қоланың құрамына құпия болып саналатын қайнатылған шөптерді қосады. Сусын көпшілікке ұнап, дүкен сөрелерінде сатыла бастайды. 1893 жылы Аза Кендлер ресми түрде The Coca-Cola брендін тіркейді.

Ғасырдан астам уақыт өтсе де Кола әлі күнге дейін тұтынушылардың көңілінен шығып келеді. Кез-келген дастарқанның сәнін келтіретін бұл сусынның шөліңді қандырудан бөлек, зияны көп. Өз денсаулығын ойлайтын адамдар саналы түрде бұл сусыннан бас тартса, енді бірі жабысқан дерттей бұл сусынды ішуден айыға алмай жүр.

Кола тек зиянды емес, сонымен қатар адам ағзасына аса қауіпті өнімдердің бірі. Дәрігерлердің пайымдауынша,  Кока-Кола балалардың бас сүйегіне, ойлау қабілетіне зиянын тигізеді. Адамның басқа да бауыр, асқазан сынды ағзаларына айтарлықтай зиянын келтіреді.

Коланы ішіп емес, тот басқан заттарды, айғыздалған әйнекті жуып керегіңізге жаратсаңыз болады. Ал американдықтар көліктің моторын жууға пайдаланады екен.

Қызықты дерек: Коланы дүние жүзінде секундына 8 мың стаканы ішіледі екен.

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы