Сәуір айында қанша алматылыққа вакцина салынбақ?

2468
Adyrna.kz Telegram

Сәуір айында "Спутник V" вакцинасымен 81,500 алматылықтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеген еді.

«Бірінші транш ақпан айында болды. "Спутник V" вакцинасының 1750 дозасы алынды, екі компонент те 100 пайызға игерілді.

Екінші транш наурыз айында 10 800 дозаны құрады. Бірінші компонент 100 пайыз игеріліп, ревакцинация басталды.

Үшінші транш наурыз айында 3200 дозаны құрады. Бірінші компонент 100 пайызға игерілді және екінші компонентті ревакцинацияға жіберу күтілуде.

Сәуір айында 81 500 доза жеткізу күтілуде. Яғни, сәуір айында 81 500 Алматылық "Спутник V" вакцинасын алады" делінген хабарламада.

Бөлімше вакцинаның 65200 дозасын жеткізу мамыр айында жоспарланғанын атап өтті. Бірақ бұл алдын-ала болжамды мәліметтер. Өйткені Денсаулық сақтау министрлігі Алматыға вакциналар жеткізілімін ұлғайтуды ойластыруда.

Естеріңізге сала кетейік, эпидемиологиялық ахуал бойынша Алматы «қызыл» аймақта. 26 наурызда өткен тәулік ішінде қалада 450 жаңа коронавирустық жағдай анықталған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер