Биыл мектеп түлектері емтихандардан босатылмайды

902

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова биылғы жылғы мектеп түлектері жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы zakon.kz сайты мәлімдеді.

"9-11 сынып оқушыларын үшінші тоқсаннан бастап оффлайн режимде оқыту туралы шешім, қорытынды  емтиханның тапсырылуына тікелей байланысты болды. 9-сынып және 11-сынып оқуышылары үшін бұл маңызды. Қазіргі таңда біз де, мектептер де, мектептегі түлектер де Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге және қорытынды аттестациялау емтиханына дайындық үстінде. Бұл емтихан негізгі және орта мектепті бітіргендігі туралы куәлікті растау үшін қажетті емтихан болып саналады. Сондықтан, бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы дайындалуда және қорытынды аттестаттау биыл өтеді деп пайымдап отырмыз», - деді Каринова.

Оның айтуынша, 9-сыныптар емтиханды үш пән бойынша: математика, қазақ және орыс тілдерінде оқыту тіліне негізделген емтихан тапсырады. Ал 11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады. Толық ақпарат министрдің бұйрығында көрсетілген.

"Бітіруші түлектер емтихан тапсырады деп шешілді. Бірақ тағы бір айта кететін жайт, қазір біз тек төртінші тоқсанның басталуы жайлы айтып отырмыз. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты бөлек шешімдер қабылданады", - деп түсіндірді департамент өкілі.

Еске сала кетейік, 2020 жылы төтенше жағдайдың орын алуына және білім беру жүйесінің қашықтан оқытылуына байланысты түлектер қорытынды аттестациялау емтиханы мен мемлекеттік емтиханнан босатылған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар