Қазақтың үздік кинотуындыларын көргіңіз келсе,  "Алатау" дәстүрлі өнер театрына асығыңыз

3076
Adyrna.kz Telegram

 Алатау дәстүрлі өнер театры Универсиада күндері (29 қаңтар мен 8 ақпан аралығы) Қазақстан Республикасының Ұлттық киноөнер қорындағы үздік фильмдерді көрсетеді. Театр Универсияданың атлетикалық қалашығына жақын маңда орналасқан.

 

Күн сайын сағат 15.00 де көрсетілетін фильмдерді төмендегідей ретпен тамашалай аласыздар.

 

1-shi29 қаңтарда «Балалық шағымның аспаны»

Фильм Президенттің балалық шағына шолу жасай отырып, халық басына түскен қиын-қыстау заманды бейнелейді. Бала Сұлтанның бар арманы, халқының кең даланың көгіндегі қыран құстай еркін самғауы.

                    

2-shi30 қаңтарда «Қазақ Хандығы. Алмас қылыш»

Еркіндікке ұмтылған азаттықтың азапты жолында  Алаш жұрты небір тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Ақыры азаттық үшін күрес нәтиже беріп, тарихта Қазақ Хандығы атты жас мемлекет құрылды.

 

3-shi31 қаңтарда «Жаужүрек мың бала»

Фильмде қазақ пен жоңғар арасындағы ұзақ жылдарға созылған соғыстың шешуші сәті «Аңырақай» шайқасында жеңіске жетуге бірден-бір әсер еткен жас сарбаздардың ерлігі жайлы баяндалады.

 

4-shi1 ақпанда «Біржан сал»

Бұл фильм тәкаппарлық пен бой ұсыну, намыс сезімі мен кемсіту, құрмет пен қиянатшылдықтың таңдауын айта білген қазақтың біртуар өнер иесі Біржан сал Қожағұлұлының өмірін сипаттайды.

 

5-shi2 ақпанда  «Құнанбай»

Фильм Ел билеу ісі мен ағайын арасын жарастыру, руаралық татулықты сақтап тұрудың хас шебері, уездік болыс атанған Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды.

 

6-shyi3 ақпанда «Қыз-Жібек»

 Фильмде қазақ даласында XVI-XVII  ғасырда кеңінен жайылған рулық қарама-қайшылықтың езгісіне төтеп бере алмаған Қыз-Жібек пен Төлегеннің мұңлы махаббаты баяндалады.

 

    

7-shi 4 ақпанда «Жерұйық»

Бұл фильм 30-шы жылдардағы жұттан кейін мекен іздеп келген кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд секілді елдерге өз төрінен орын берген қазақ халқының жанашырлығы жайлы баяндайды.

 

8-shi5 ақпанда «Аманат»

Тарихи драма репрессияға ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдырына арналған. Кенесары, Ермұхан және Рамазан кейіпкерлерінің ұлт бостандығы мен тәуелсіздігіне деген мұраты фильм желісіне арқау болады.

                                     

9-shyi6 ақпанда «Елбасы жолы. От өзен »

Мемлекет басшысының өнегелі өмірі, сарабдал саясаты туралы «Елбасы жолы» атты фильмі - басқа картиналардың жалғасы. Жетпісінші жылдар аралығын, Елбасының үлкен саясатқа аяқ басқан.Қарағанды металлургиялық зауытында партком хатшысы болып тағайындалған кезеңін қамтиды.                                  

10-shyi7 ақпанда  «Елбасы жолы. Теміртау»

 Мемлекет басшысының өнегелі өмірі, сарабдал саясаты туралы «Елбасы жолы» атты фильмі - басқа картиналардың жалғасы. Жетпісінші жылдар аралығын, Елбасының үлкен саясатқа аяқ басқан, Қарағанды металлургиялық зауытында партком хатшысы болып тағайындалған кезеңін қамтиды.

                            

11-shi8 ақпанда  «Жұлдыздар тоғысқанда»

 Фильмде ел тарихындағы елеулі оқиғалар, Кеңес Одағының ыдырауы, 1986 жылы Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының күресі, 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Президенті болып сайланғанға дейінгі аралық сипатталып, еліміз егемендік алған алғашқы жылдар көркем бейнеленген.

 

 

 

Кинокөрсетілімдер ағылшын тіліндегі субтитрлармен жүреді.

Көрсетілім орны: Алматы қаласы, Алғабас 1 ықшамауданы, 6 үй.

Байланыс телефоны 3-98-62-44, www.kz


"Адырна"

 

Пікірлер