Балалардың жүрегіне жол тапқан ұлағатты ұстаз

3319
Adyrna.kz Telegram

Бала оқытуда алдына жан салмайтын, еңбекқор, ізденімпаз, бар өмірін мұғалімдік жолға арнаған жарқын тұлғалардың бірі - Қанымкүл Бедилова.

Бүгінде Қанымкүл Алқарқызы №37 «Айгерім» коррекциялық балабақшасында педагог.

Бала жүрегіне жол тауып, баланың қажеттілігіне орай білім беруге тырысатын ұлағатты ұстаз ерекше балалармен жұмыс жүргізуде олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы үлесі орасан.

Педагогикалық өтілі-35 жылды қамтыса, соның ішінде 16 жылы - №37 «Айгерім» балабақшасында ерекше балалармен жұмыс жасауға арнаған. Үнемі ізденіс үстінде білімін жетілдіріп отыратын ол «Ұстаз нұры», «Болашақ» газеттеріне ауқымды мақалалар жинағын жариялап отырады. Сонымен қатар, «Ұлт мектебі» журналында «Рухани жаңғыру заманның жетістігі» жайлы мақаласы жарияланған.

Абай атамыз айтқандай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей жас мамандарға өз білімін үйретуден жалықпаған абзал жан жоғары санатты тәрбиеші. Қазіргі уақытта балабақшада жаңа технологияларды пайдалана отырып жұмыс жүргізуде.
Білім саласына қосқан үлесі үшін Қанымкүл Алқарқызы көптеген алғыс хаттармен марапатталған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

 

Пікірлер