«Әр науқасқа жылы сөйлеп те қолдағым келеді»

1691
Adyrna.kz Telegram

Айсұлу Естаева – Шымкент қаласының қалалық Онкологиялық орталығының онкогинеколог дәрігері. Жас маман қатерлі ісікке шалдыққан әйелдерге медициналық көмек көрсетеді.

Жас маман онкология және радиология ұлттық зерттеу институтында «онкология» мамандығы бойынша резидентураны бітірген соң халыққа медициналық көмек көрсету үшін Шымкент қаласындағы онкологиялық орталыққа арнайы жіберілген.

Өткен жылдың қазан айында қаламызда алғаш қызметіне кіріскен Айсұлу біліктілігінің бүгінге дейін 800-ге жуық пациентті қабылдап, емдеу шараларын жүргізген. Ол әйелдер арасындағы жатырдың қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтап, медициналық көмек көрсетеді.

–Науқастарды қабылдау кезінде сүйіспеншілікпен қараймын. Осылайша пациенттерге жақындай түсемін. Оларды толық түсіне отырып, көмек көрсеткім келеді. Әр науқасқа жылы сөйлеп, сөзбенде қолдағым келеді,-дейді жас дәрігер.

Білікті маман қазір онкологиялық орталықта ішкі аудит қызметінің міндетін қоса атқарады. Халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуді одан әрі нығайту үшін біліктілігін одан әрі жетілдіруді мақсат етіп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер