Қайғылы оқиға: Көлік апатынан бес адам қаза тапты

2071
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/e74c9aa8-0bdd-40c2-9d88-2abda3ae8e72.jpeg
"Жезқазған-Сәтбаев" трассасында жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. 22 наурыз күні сағат 00.30-да «Жезқазған-Сәтбаев» автожолында «ВАЗ» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолды бөліп тұрған қоршаудың кронштейніне соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.
Комментарии