Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

3557
Adyrna.kz Telegram

Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады,- деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлім етті.

«Қымбатты қазақстандықтар! Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл көктемгі мерекені халқымыз жаңа жылдың басы және тіршілік атаулының түрленетін кезі ретінде қастерлейді. Наурыз адамдардың бойында ең жарқын және игі тілектерінің орындалуына үміт ұялатып, кемел келешекке бастайды. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан Наурыздың ежелгі дәстүрлері адамға ең жақсы сезімдерді сыйлап, айналасындағыларға мейірімділікпен көңіл бөлуге, қонақжайлылық танытуға, өзара көмек көрсетуге, табиғатпен үйлесім тауып өмір сүруге жетелейді. Көктемнің келуімен адамдар бір-біріне ең ізгі тілектерін арнап, ағаш отырғызады, бұлақтардың көзін аршып, қамқорлық пен қолдауды қажет ететін тіршілік иелеріне көмектеседі. Тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз мейрамын тойлау бейбітшілікті нығайтуда және еліміздің көпұлтты халқының бірлігін қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие болды. Ол ұлтына, тілі мен дініне қарамастан, қазақстандықтардың ең сүйікті мерекелерінің біріне айналды. Барлық қазақстандықтарға жақсылық, амандық-саулық пен өсіп-өркендеу тілеймін, әр отбасында қуанышты және жарқын күндер көп болсын! Әз Наурыз халқымызға берекелі ырысын, шуақ нұрын ала келсін! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!»деді Асқар Мамин.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер