А.Аймағамбетов: ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі

2724

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қыркүйек айынан бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2021 жылдың қыркүйегінен бастап БҒМ-ге ведомстволық бағынышты жоғары оқу орнында штаттағы оқытушы айына кем дегенде 200 мың теңге, аға оқытушы – 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге; профессор 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алады.

Бұл жалақының ең төменгі мөлшері болуы тиіс. Сондай-ақ әр жоғары оқу орны оқытушылардың белгілі бір жетістіктері үшін басқа да ынталандыру төлемдерін белгілеп, төлей алады»,-деді министр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы