Ресей экономикасы бұрынғы КСРО-ның деңгейіне түсті 

7759
Adyrna.kz Telegram
Мұны халықаралық экономикалық сарапшылар айтып жатыр. Ресейде трансформациялық кризис жүріп жатыр. Кешегі КСРО дәуіріндегі бөліпі кеткен мемлекеттердің барлығының даму үрдісі мен экономикасы да әртүрлі деңгейде.
Бірақ 2021 жыл Ресей экономикасының бұрынғы КСРО экономикасымен теңескенін халықаралық сарапшылар айтып жатыр. Ресейдегі қазіргі болып жатқан трансформациялық экономикалық кризис қоғамды ауруға ұшыратып отыр. Елден кетіп жатқан халықтың саны едәуір артқан. Оның басым бөлігі жастар. Олар АҚШ пен Еуропа елдеріне бет алған. 2000-2019 жылғы Ресей экономикасындағы жағдайлар ешкім күтпеген нәтижиелерді көрсетіпті. Ал, кеңестік одақтағы бұрынғы елдердің экономикасы Ресеймен салыстырғанда көш ілгері болып тұр.
Халықаралық банк бұрыңғы кеңес құрамындағы елдердің ЖІӨс бойынша мынадай нәтижелер шығарған:
Азербайжан — 341%, Өзбекстан — 242%, Армения — 225%, Қазақстан — 219%, Грузия — 179%, Молдова — 133%, Беларусь — 126%, Қырғызстан — 125%, Литва — 112%, Эстония — 96%, Латвия — 94%, Россия — 85%, Украина — 52%.
2020 жылы Ресейдің экономикасы Батыстың санкцияларынан 4 пайызға құлаған. Ресей билігі соңғы санкциядан соққы алған экономикалық статистикалық көрсеткіштерді халықтан жасырып отыр. Барлық деректер құпия. Ресейдің Кеңес одағын құрамыз деп жүргені де осы қысылтаяңнан туындап отырған да болуы мүмкін.
Халықаралық экономикалық сарапшылар мен саясаттанушылар Ресей экономикасының құлдырауы Ресейдің геосаяси ықпалының құлауымен бір деп отыр.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер