СССР талайдың сорын қайнатты

5771
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/15416_sssr.jpg
Белгілі журналист Жеңіс ҚҰСПАН өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қызықты бір ақпаратпен бөлісіпті. Келмеске кеткен КСРО-ның қазіргі ұрпақ біле бермейтін, сол заманның адамдары аса тереңіне бойлай бермейтін тұстары туралы автордың материалы кімге де болса, ой салады деген мақсатпен назарларыңызға ұсынып отырмыз.  СССР – 3 тиындық газдалған су сататын автомат емес, ол ГУЛАГ (АЛЖИР) пен 4 миллион жабылған жала; CССР – ол үкімет басындағы алжығандар мен жалпыға тән кедейлік; СССР - ол екіжүзділік пен сайқалдық. Батыс елдерін өле жамандаса да шет елге шығуға мүмкіндік – мадақтау сыйлығы ретінде. Ал шетелдік киім, зат – кез келгеннің басына қона бермейтін бақ. СССР – ол баламасы жоқ жалқылық. Киімде де, тамақта да, әнде де, ойда да. СССР - ол тапшылық, болашағы үмітсіз жоқшылық. СССР – ол ортақ асханасы мен дәлізі бір, алқаш көршіңнен өмір бойы құтыла амайтын жатақхана. СССР – шет елге шығуға тыйым, доллар сатсаң да – түрме, коммунистік партияның «сара жолынан» тайқысаң да - түрме. СССР – ол жеке кәсіпкерлікке тыйым. Кез келген жеке меншікке тыйым. Жеке ештеңе болмауы тиіс, ал адам өзіне тиесілі емес, ол – қоғамға қызмет етуге міндетті. СССР – ол әр қадамың бақылаулы, жеке пікір айту мен оны таратуға – еркіндік жоқ заман. СССР – ол өтірікке толы, көлеңкеңнен қорыққан қоңырқай тіршілік. СССР – ол пионер галстугі, комсомол жиналысы, жеке өміріңді жұрт алдында жиналысқа салып талқылау мен айыптау, мінеу, кемсіту, қорлау. СССР – ол жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықпен қат тауар алу. СССР – ол бесіктен белің шықпай соғысқа, империяны қорғауда өміріңді көзсіз қиюға дайындық. СССР – ол жалпыға бірдей теңдік ұранымен еңбектің құнсыздығы. СССР – ол тіс пастасына дейін қат болған өмір. СССР – ол күнделікті тұрмыста қораш өмір қоршаған бейшаралық. СССР – ол өмір бойы бойыңды билеген қорқыныш пен мағынасыз, мәнсіз өмір. СССР – ол жеке адам өмірінің түкке тұрғысыздығы. Мектепте, институтта, қызметте – жеке өміріңнің жоқтығы. СССР – ол құлағыңды күнде сарсытатын үгіт-насихат, дүкендердегі бітпейтін кезек пен бос сөрелер. СССР – ол күнделікті миыңа құйылатын соғыс үрейі, өйткені айнала толған жау, олар кез келген сәтте ұрыс ашуы мүмкін. СССР – ол кез келген анкета сұрағына "қоғам мүддесін жеке басымның мүддесінен жоғары қоямын" деп жазу. СССР – ол бөле-жара, елден ерекше ойлайтын, ерекше өмір сүргісі келетін, білімді адамдарға деген жеккөрініш. СССР – ол қалаған нәрсеңді қарап, оқып, тыңдау мүмкіндігінің жоқтығы. СССР – ол дүкендердегі ет-колбасаға шегі жоқ кезек. СССР – ол жеке адамға – сен ешкім емессің деген көзқарас. СССР – ол ұлтың сәйкес келмесе жоғары лауазымға жету қиындығы. СССР – ол ертеңге деген үміт жоқтығы, алдамшы өмір. СССР – ол не болса да таңдаудың мүлдем жоқтығы. СССР – ол басшының алдындағы жағымпаздық пен жарамсақтықтың шырқау шегі. Мықтылардың алдында құрдай жорғалау. СССР – ол еркіндік түгілі, ондай ұғымның мүлдем жоқтығы. Барам деген жеріңе бара алмай, айтамын дегеніңді айта алмай шерменде өткен өмір. Күнделікті жиналыс, мінбеден айтылған қызыл сөз, парад, құрмет тақтасы – шындықты бүркемелеу жолдары болатын. Және айнала толған жалғандық, өтірік мүләйімсу, мәймөңке өмір. Бастысы, СССР - ол халықтардың түрмесі, ГУЛАГ (АЛЖИР) пен 4 миллион жабылған жала. Ол адамның болмысын жек көретін режим.

Авторы: Александр Тверской.

Комментарии