Қанды сәрсенбі: бір күнде 38 адам өлтірілді

6896
Adyrna.kz Telegram

Мьянмада билікті басып алған әскерилерге қарсы шерулер қақтығысқа ұласуда. Сәрсенбі күнгі шерулерді күшпен тарқату барысында 38 адам қаза тапты. Бұл туралы Мьянма бойынша БҰҰ-ның арнайы өкілі  Кристин Шранер-Бургенер хабарлады. Ол "3-наурыз Мьянма үшін қанды сәрсенбіге айналды" деп мәлімдеді. 

Жалпы осы уақытқа дейін билікті басып алған әскерилерге қарсы шерулер барысында 50 адам қаза тапқан.
1-ақпанда Мьянма "әскерилері сайлау нәтижелерін бұрмалады" деген желеумен билікті басып алып, мемлекеттік кеңесші  Аун Сан Су Чжиді, ел басшыларын тұтқындаған болатын. Әскери комендант Мин Аунг Хлаинг елде төтенше жағдай жариялап, жаңа сайлау өткізгенше төтенше жағдайдың сақталатын мәлімдеді.
Мьянмадағы толқулар бір айдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Әскерилер халыққа қару қолдану фактілері де жиілеуде.

Тұтқынға алынған Аун Су Чжи рохинджа мұсылмандарына геонцид жасады деп айыпталған тұлға. Мьянмаға аталмыш оқиғаға байланысты 4 жыл бойы санкциялар салынып келеді.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,
«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер