8 наурызда көпбалалы аналарға 7 293 теңге беріледі

7921
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан әкімдігі көпбалалы аналарға Халықаралық әйелдер күніне орай 7293 теңгеден береді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар бұл жаңалықты әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр.

Бұған түсініктеме берген әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева мәслихаттың бұл шешімі 2017 жылдың соңында қабылданғанын айтты.

«Әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес, Астана қаласы мәслихатының 2017 жылдың 12 желтоқсандағы No221 / 25-VI бекітілген шешімі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының мөлшерін белгілеу және олардың тізімін анықтап, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған отбасыларға 8 наурызға (Халықаралық әйелдер күніне) дейін 2,5 АЕК (7 293 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалады, - деп жазды ол.

Оның айтуынша, әйелдердің тізімдерін "Азаматтарға арналған үкіметтің" Нұр-Сұлтан филиалы ұсынады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер