Қашан экономикамыз жанданады

738
Жақында экономикалық реформалар жасалады екен. Енді экономиканы әртараптандырады екенбіз. 30 жыл болды осыны айтып келе жатқанымызға. Не деген әртараптанбайтын экономика бізде? Шыны керек 1989-ыншы жылғы Қазақстанның экспортындағы шикізаттың көлемі мен 2019-дағы экспорттағы шикізаттың көлемінде көп айырмашылық жоқ. Біз әлі күнге дейін сыртқа дайын өнім емес тек шикізат сататын елміз. Ол кезде СССР-ді кінәладық. Енді кім кінәлі? Басында жас мемлекетпіз деп жұбатушы едік енді 30-ға толған өгіз болдық қой.
Көп адамдармен сөйлессең 2007-2008 дегі халықтың жағдайы дұрыс еді дейді. Біз әлі күнге дейін 2008-дегі орташа айлыққа жете алмай келеміз. 12 жыл бір орында тұрып қалмадық сәл пәл артқа да кеттік. Анаған айлық, мынаған әлеуметтік көмек көбейеді деп жыр қылып айтамыз. Сонымен қатар девальвация да өсіп жатқанын айтпаймыз. Ешқандай дайын өнім шығармай тек шикізат сататын бензоколонка болғанымыз үшін әрбір доллардың қымбаттауы бізге тікелей әсер етеді. Доллармен қатар бүкіл заттар қымбаттайды. Халықтың әл ауқатынын артқанын тек доллармен өскен айлықпен ғана есептей аламыз. Теңгемен өскенді қымбатшылық жеп қояды. Бара бара өмір сүру қиындап жатыр. Бірақ әлі басшыларымыз розовый очки киіп ештеңе көргілері келмей өз әлемдерінде өмір сүріп жатыр. Мен Бораттың киносы үшін емес, жемқорлық үшін ұяламын.
Пікірлер
Редакция таңдауы