Қазақстандықтар жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған 10 сотық жерден бөлек учаскелер алуға құқылы. Бұл туралы Жер кодексінің 50-бабында айтылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті заңды түсіндіріп берді.
Кодекстің 50-бабында жер учаскелері азаматтарға жекеменшікке ақысыз беріледі делінген:
- жеке қосалқы шаруашылық үшін (үй және егістік алқаптарын қоса алғанда) ауылдық жерлерде – 0,25 гектар суарылмайтын және 0,15 гектар суармалы жерлерде;
- жеке тұрғын үй құрылысына – 0,10 гектар;
- көгалдандыру, сондай-ақ саяжай құрылысына – 0,12 гектар.