Мәдениет және спорт вице-министрі қамауға алынды

1998
Adyrna.kz Telegram

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков қамауға алынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Astana TV»-ге сілтеме жасап.

Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады. Ол букмекерлік қызмет саласында біреудің мүддесін қолдады деп күдікке ілінген. Өзге ақпарат тергеу ережесіне сай айтылмады. Сәкен Мұсайбеков бұл қызметке 2020 жылдың мамарында ғана тағайындалған болатын.

«Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол букмекерлік қызмет саласында белгілі компания құрылтайшысынан қолдау көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен пара алушы да, пара беруші қамауға алынды»,-деді агенттік өкілі Данияр Бекайдаров.

Сондай-ақ «Алатау» клиникасының басшысына қатысты да тергеу басталған. Дәрігер онкологиялық науқас балаларға арналған азық-түлікті ұрлау және сату фактісі бойынша істі болып отыр. Күдікті қазіргі уақытта қамауға алынған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер