Бір тәулік ішінде 294 адам эвакуацияланды

1722
Adyrna.kz Telegram

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылып, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 16 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан) дауылды ескерту жарияланды.

ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб құрылды, оған «Қазақавтожол» ЖШС және «ҚазАвтоЖол»ҰК АҚ қызметкерлері кірді. Осындай штабтар Ақмола, Қарағанды, СҚО, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесі және 14 өңірде 51 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары.

Бекеттерде Қостанай (87 бірлік), Жамбыл (70 бірлік), Қарағанды (169 бірлік) облыстарында барлығы 316 бірлік автокөлік шоғырланған.
Жабық жол учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін 473 жылыту пункті дайын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер