«BELKA. STRELKA», «SÚNDET TOI» монеталары сатылымға шығады

2080
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Ұлттық Банкі «Космос» сериясынан – «BELKA. STRELKA», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясынан – «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күнін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«BELKA. STRELKA» монеталары – 1 наурызда, «SÚNDET TOI» – 9 наурызда сатылымға шығады. Олар әлеуметтік қашықтықты және белгіленген эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары арқылы сатылады.

Сонымен қатар «MEDEÝ» коллекциялық монеталарын сату форматы өзгергенін хабарлаймыз. Олар интернет-дүкенде, сондай-ақ Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында сатылады»,-делінген хабарламада.

«MEDEÝ» монеталарының сатылымға шығатын күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша хабарланады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер