Жарнамадағы қате: Тапсырыс беруші жауапқа тартылмақ

3181
Adyrna.kz Telegram

Мәжілісмендер көрнекі ақпараттардағы көз сүрінетін қателерді реттейтін заңды бірінші оқылымда мақұлдады.

Былтыр сауатсыз аудармаларға қатысты мәдениет министрлігіне халықтан 3 мыңға жуық шағым түскен, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Көрнекі ақпаратқа қатысты заңбұзушылық бойынша мемлекеттік органдарға 2018 жылы 12 886 өтініш, 2019 жылы 12 900 өтініш түскен. 2020 жылы көрнекі ақпараттар бойынша жедел желіге (call center) келіп түскен шағымдар саны – 3442.

«Құқығымызды таптады» деп арызданған бұқараның талабын ескерген министрлік сақау жарнамаларды ретке келтіруге 13 заңнамалық актіні қайта түзетеді.

Ол: денсаулық сақтау жүйесі, тіл, көлік, жарнама, тамақ өнімдері, ойыншықтар, пошта, кино туралы заңдар. Кинематографияда елімізде әлі де фильмдер қазақшаға сауатсыз аударылып жүр. Енді кинотуындыларды қазақ тілінен дұрыс тәржімаламаған компаниялар прокаттау құжатынан айырылады.

Елімізге сырттан келетін фильмдерге прокаттау куәлігі беріледі. Аталған құжатсыз компаниялардың шетелдік киноларды көрсетуге құқықтары жоқ.

Пікірлер