Ауруханаға сиыр кіріп кетті

3081
Adyrna.kz Telegram

Колумбиядағы ауруханалардың біріне сиыр кіріп кетті. Ол дәрігерлер мен науқастардың зәресін ұшырды. Оқиға Сан-Луис муниципалитетінің Сан-Рафаэль қаласында болған. Сиыр ауруханаға кіріп кетіп, адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлайды RT.

Қашпақ болған әйелдердің бірі жерге құлады. Сиыр бұрышта қалып қойған әйелді сүзді. Бірақ бірнеше рет тайып кетіп, құлады. Ер адамдар сиырды далаға шығаруға әрекет жасады. Біраз уақыттан соң ол өзі ғимараттан шығып кетті.

Дәрігерлер әйелге көмек көрсетті. Оның жарақаты ауыр емес екені айтылып отыр.

Сиырдың аурухана маңында тұратын иесінен қашып кеткені анықталды. Фермер медициналық мекемеге келіп, кешірім сұраған. Зардап шеккен әйелдің жағдайы мен шығын мөлшерін біліп қайтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер