Бас санитар мен вице-министр екінші рет екпе алды

2081
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/f99535ab-fc15-402f-b685-203f0eb86f5e.jpeg
Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік Спутник V вакцинасының екінші дозасын салдырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Олар екпені елорданың №6 қалалық емханасында алды. Айта кетейік, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозасын осыдан 21 күн бұрын қабылдаған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии