Аруақ – біздің ұлттық эгрегорымыз

3387
Adyrna.kz Telegram

 

 

Жалпы Ұлттық код деген нәрсе не деп толғанып жүрдім. Бір нәрсе түсініксіз. Не нәрсе? Код деген – құпия. Сонда қандай құпия? 

 

Бір қызығы біздің ұлттық кодымызды "код" сөзі ғана бұғаттап, құпиялап тұр. Біз оны не үшін құпиялап жүрміз?

 

Бүгінге дейін "аруақ, кие, нұр, руханият" ұғымы – ұлттың ортақ таным-түсінігін қалыптастырып тұрды ма? Иә, сөз жоқ, жалпы ұлттық энергетикалық-ақпараттық өріс қалыптастырды. Ол кәдімгідей жұмыс жасады..

 

Сондықтан аруақ ұлттық кодымыз.

Бір қызығы ұлттық код іздеп жүріп зерттейтіндей тым ұмыт қалған дүние емес. Тек ол кодтты біз өз санамыздан өшіріп алдық. Сосын оның эгрегорлық өрісін сезбей тұрмыз. Аруақ ұғымының эгрегорлық матрицасы, оның құрылымы көне жәдігерлер мен мұраларда толып тұр. Тек ашу керек. Қарау керек. Оқу керек. Сезіну керек.

 

Әлемнің эгрегорлық құрылымын Шəді Төре Жəңгірұлы былай деп сипаттайды.

 

Əлемнен он сегіз мың əуел бұрын

Жаратты Пайғамбардың Алла "Нұрын".

"Әууалу маа халакаллаhу нури" деген

Хақында далел болды хадис мұның!

Аспан-жер, аршы-күрсі, лаухул-қалам

Жаралды осы Нұрдан бəрі тамам.

 

Сол жауһар әлеміне кіріп, сусындай білген Мəшһүр Жүсіп Көпейұлыда бұл эгрегорды айдан алған жоқ.

 

Əуел баста болмағы Нұрдан екен,

Нұр болып мұның бəрі тұрған екен.

“Кімнен сені жасаймын?!” – дегенінде,

"Нұр" ықтияр топырақты қылған екен.

Кім білер əуел ақыр хақтың сырын,

Нəрсе жоқ бір өзінен басқа бұрын.

Ғаламға өзін заһыр қылмақ үшін,

Жаратты Мұхаммедтің əуел Нұрын....

 

Бұл мәселелерге қатысты тарих деректерді салып тауысу мүмкін емес. 

 

Әсет БЕКТҰР,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер