Сәби бесігімен бірге жанып кетті

4238
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптада еліміздің бірнеше аймағында өрт шығып, салдарынан адам шығыны орын алды деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

Тілсіз жаудың бұл жолғы құрбандары да балалар болды. Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде болған өрттен 5 бірдей баланың ажал құшқаны есте. Ақпанның 19-ы күні де дәл осыған ұқсас қайғылы оқиға Жамбыл облысы, Сарысу ауданына қарасты Жаңатас қаласында болды. Жанында ата-анасы болмаған бес бірдей бүлдіршін отқа оранды.

Ал осыдан бір күн бұрын, яғни ақпанның 18-і күні Қызылордада да жер үй өртеніп, бес бала түтінге тұншыққан. Оқиға Қызылжарма шағынауданында болған.

Отқа оранған баспанадан анасы мен төрт қызы шығып үлгеріпті. Ал 2019 жылы дүниеге келген сәби бесігімен бірге жанып кеткен.

Қызылорда мен Жамбыл облысынан бөлек, осы күні Алматының іргесіндегі  Тұздыбастау ауылында жер үй өртеніп кетті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Ал, Өскеменде өрт шыққан тұрғын үйден 13 адам құтқарылды. Ыс тиген 12 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Баланың жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалап отыр.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер