Мынадай ауыртпалықтан кейін жастар шетелге кетпегенде қайтеді?

3979
Adyrna.kz Telegram
Жаңа ғана банктерге барып келдім. Бірінші ЖССБ-ға барып, қандай бағдарламалар барын білдім. Банктегі халықтың жартысы мен сияқты кеңес алуға, ал жартысы есепшоттарынан салымдарының бір бөлігін шешіп алуға тұр екен. "Ее, елдің жағдайы нашарлап кетіпті" дедім ішімнен.
Артынша ЖССБ-ның тура жанында болған соң "Халық банкке" кіре салдым. "7-20-25" бағдарламасы жайлы егжей-тегжей есептеп беруін, талаптарын, тағы басқаны сұрадым. Қысқасы былай.
Алматы қаласы бойынша ең үлкен сумма 25 млн теңге, соның 20% өзің құясың, яғни ол 5 млн болады. Сонда банк саған 20 млн береді. Егер сен сол 20 млнды 25 жыл төлесең, ай сайын 141356 теңге құясың. Былай қарасаң айтарлықтай көп емес. Сонда 25 жылда 20 млнды 42406800 теңге етіп қайтарасың. 42 МЛН КАРЛ! Демек үстіне 22,4 млн қосып бересің. Үстіне бір үй қосасың деген сөз ғой.
Биік мінберде отырып, "ойбай біз мынандай бағдарлама жасадық", "ойбай жастарға бүйттік-сөйттік" деп сайрап отырады. Арасында "жастар неге кетіп жатыр" деп қоятындары да бар. Кетпегенде қайтеді, не үйі, не күйі болмаса. Әлеуметтік мәселелер шешілмесе, кетушілер саны арта береді. Және ол өте дұрыс. Құр патриотизмге қарын тойдырып, бала-шаға баға алмайсың.
Осыны оқып отырған депутаттар, атқамінерлер болса "неге сонша пайызы көп" деп сұрай салыңдаршы, қиын болмаса.
Менеджер берген парақшада "Тұтынушылық кредиті-әркімнің қолы жетеді" деген жазу бар. Лібә, жетуін жетеді, бірақ неге бір үйді екеу етіп қайтару керек. Бағдарламаны жасағандардың ұяты туа сала өліп қалған-ау. Халықты сүлікше сора беру керек қой.
Асхат Қасенғали,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер