Димаштың есімі Марсқа жетті

1276

18 ақпанда жаңа ровер Perseverance Марс бетіне жетті. Ғылыми жабдықтармен қатар, ол Қызыл планетаға миллиондаған адамның есімдерін көшірді, олардың арасында Димаш Құдайберген де бар, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі dimashnews.com-ға сілтеме жасап.

Perseverance ровері 2020 жылдың 30 шілдесінде алыс сапарға аттанып, жеті айдан кейін Қызыл планетаға сәтті қонды. Ruherald.com Fox News–ке сілтеме жасай отырып, Perseverance NASA жіберген ең технологиялық жағынан дамыған робот екенін хабарлайды.

2,7 миллиард доллар тұратын Ровер Марс күніне орташа есеппен 200 метрді бағындырады. Ол ұзындығы шамамен 2 метр манипулятор қолымен, бұрғылаумен және ғылыми құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде жоғары ажыратымдылықтағы түсірілім камерасы, ауа-райын өлшеуге және шаңды бақылауға арналған сенсорлар, рентген жүйесі және тау жыныстарының химиялық құрамын өлшеуге арналған камера жүйесі бар.

Сондай-ақ, Perseverance Марсқа коронавирустық инфекциямен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш тақта және NASA-ның «Марсқа өз есіміңді жібер» акциясына қатысқан 11 миллионға жуық адамның аты жазылған тырнақ көлеміндегі үш кремний чиптерін жеткізді.

АҚШ, Түркия, Ресейді қоса алғанда, түрлі елдердегі Dears тақтайшаға Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің есімін қоюды ұсынды.

Perseverance роверінің Марстағы ежелгі өмірдің белгілерін іздеу және планетаның бетін зерттеу миссиясы шамамен екі жылға созылады деп күтілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket