ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Ресейден құтылар күн алыс емес

5921
Adyrna.kz Telegram

Молдованың жаңа президенті Майя Санду президент ретінде алғашқы визитті Еуроодаққа жасаған. Бұған Кремль шалқасынан түсіп жатыр. Бұрынғы президенттер ең алдымен алғашқы визиттерін Мәскеуге жасап келген екен. Бұдан былай Молдова Мәскеудің айтқанымен жүрмейтіндігін көрсетіпті сөйтіп. Әсіресе Додонның кезінде Мәскеу Молдованы өзімізге түпкілікті қарады деп есептеп келген көрінеді.

Додонның тағы бір жасап кеткені - Молдованы ЕАЭО-ға мүше болмаса да соған жақындатып кетіпті. Додон енді бір мерзім сайланғанда ЕАЭО-ға кіргізіп кетуге сәл қалыпты. Майя Санду осы жобадан бас тартып отыр. Оның айтатыны - бәрібір Кремль Молдоваға дербес экономикалық саясат жүргізуге мүмкіндік бермейді, сондықтан ондай одақтан бірден бас тартқан дұрыс. Роскомнадзор қадам бастырмай, ұнамаса тауарларын біржақты кері қайтарып отырады. Жақында да солай жасады, ал ЕАЭО-ның басқа елдерімен біз әлі байланысқа түсе қойған жоқпыз - депті жаңа президент.

Қандай ақылды әйел десеңізші. ЕАЭО-ның экономикалық емес, таза саяси одақ екенін түсініп бірден ат-тонын ала қашып отыр. Ал бізде сексенге келіп селкілдеп қалған біреулер бізді қораға тықты да кетті. Әлі күнге шейін осы қателігін мойындамақ түгілі, дұрыс жасадық деп бет бақтырмайды. Оны және керемет даналық деп айналасы өтірік мақтауға мәжбүр. Сорлылық деген осы.

Жаңа президент Украинамен достықты жаңа сатыға көтеруге ұмтылып отыр. Шекаралас екі елге трансшекаралық саудаға мол мүмкіндіктер бар. Басқа да артықшылықтары жетеді. Молдова сондай-ақ Еуроодақпен жетімильдік жылдамдықпен жақындасып жатыр. Түбі ЕО-ның бір мүшесі болатындығы анық.

Ал Мәскеу... іштері ит талағандай, қызғаныштан жарылып жатыр, алайда ұсына қояр еш тартымдылығы жоқ - не жаңа технологиясы, не ғылми жетістігі, не ақшасы, тіпті жағдайы жоқ. Бар болғаны - Молдоваға қатысты саясатта провалға жол бердің деп, сол бағытқа жауапты генерал Чернов дегенді жұмыстан алыпты. Өзімізге таныс картина емес пе? Бізде де сол жағдай ғой.

Сөз соңында, іске сәт, Майя Санду ханым дейміз! Алды-артыңа қарама, зыт, көрмегенің Ресей болсын! Түбі біз де қашып құтылармыз бұл иттерден, сонда кездесуге жазсын!

Пікірлер