Армия халықаралық ойындарына қазақстандық командаларды іріктеу жарыс форматында өтеді

2388
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «АрХО-2021» ойындарынадаярлық ұйымдастырылды.

Армия халықаралық ойындары халықаралық әскери ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу іс-шарасы ғана емес, сондай-ақ әскери қызметшілердің жауынгерлік шеберлігін арттырудың тиімді құралы болып табылады.

Ойындарға даярлық пен қатысу кезінде жауынгерлер кәсіби дағдыларын жетілдіреді.Бұл дағдылар оларға жарыс барысында ғана емес, сонымен қатар күнделікті жауынгерлік оқу-жаттығу іс-қимылында да қажет.

Биыл қазақстандық командалардың «АрХО-2021» ойындарына даярлығы жарыс форматында өтеді, оған барлық өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерінің өкілдері қатысады. Бұл Армия халықаралық ойындарының ұлттық іріктеу кезеңі болмақ.

Оқу-жаттығу полигондарында өтетін жарыстарда әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін көрсетуі үшін қажетті жағдай жасалатын болады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарулы Күштер ауқымында үздік әскери қызметшілер, экипаждар мен есептоптар анықталып, сондай-ақ «АрХО-2021» конкурсына қатысу үшін командалар құрылады.

Анықтама ретінде: Армия халықаралық ойындары 2015 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Оған қатысушы елдер мен байқаулар өтетін жерлер жылда кеңейіп келеді. Қазақстанның Қарулы Күштеріойындардың барлық сайысында сәтті жарыс нәтижелерін көрсететін елдердің бірі саналады. Ал «Артиллериядан оқ ату шебері», «Сұңқар аңшылығы» және «Сенімдіқабылдау» конкурстарында әрдайым алғы шептен көрінеді.

Пікірлер