Бекболат ҚАРЖАН.Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу НАТО-дан үрейленіп отыр

5710
Adyrna.kz Telegram

 

 

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Пентагонның Арктикаға соғыс кемелерінің санын арттырып жатқаны жөнінде мәлімдеме жасады. Оның мәлімдеуінше, Солтүстік Атлантика әскери Альянсы Ресейді солтүстік шекара тұсынан да қоршап, әскери базасын жақындатып келеді. Шойгу мұны бүгін қорғаныс министрлігінің ведомствасында айтты. Егер біз қарсы шара қолданбасақ, АҚШ пен НАТО Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді,  Пентагонның бұл әрекеті халықаралық кикілжіңге соқтықтыруы мүмкін деп ескертті.

 

АҚШ пен Солтүстік Альянстың әуе және теңіз әскери күштерінің  саны біздің солтүстік шекарамызда 2020 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Қазір АҚШ өзінің әскерлерін Германияға, Польшаға, Балтық елдерінің территорияларына бөлшектеп орналастыруда. Қазір Пентагон Арктиканы уысына ұстап отыр деп мәлімдеді, Ресейдің қорғаныс министрі.

 

Дәл осы жағдайға байланысты бүгін Ресей басшысы В.Путин шекара тұсында посткеңестік елдермен бірлескен «Батыс-2021» атты әскери дайындық өткізуді тапсырды. Оған посткеңестік елдердің қай мемлекеттер қатысар екен... Осы жағы белгісіз болып жатыр. Әйтеуір біз қатыспасақ дұрыс болар еді... Сіз не дейсіз?

 

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер