Президентке хат: Халқымызды сақтайық

3816
Adyrna.kz Telegram

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отырған  қытай індеті, өкінішке қарай, біздің елімізді де шарпып өтті. Пандемия алғаш басталғаннан-ақ, елімізде жарияланған мерзімсіз төтенше жағдайлар халықты әбден титықтатып шаршатты.

Жалпы соңғы кезде қатаң карантин шектеу-шараларына қарамастан елімізде індеттің таралуы тоқтар емес, ресми статистика бойынша дерт жұқтырғандар саны қазір 202 мыңға жуықтады.

https://www.coronavirus2020.kz/kz

"Covid-19" деп аталатын қытай індеті басталғалы қаншама  адам осы науқастан қайтыс болды. Жұрт кәдімгідей үрей құшағында қалды. Бұл індет түрлі деңгейдегі билік өкілдерін де айналып өткен жоқ. Ел арасында «Үкімет індеттің таралуын бақылаудан шығарып алды, сондықтан ауруханаларда орын жетіспейтіні» туралы да дәйекті әңгімелер кеңінен айтылуда.Мемлекеттің  ең басты байлығы мен биліктің қайнар көзі болып табылатын "ХАЛЫҚТЫҢ" денсаулығы әрқашан өте маңызды яки приоритетті бағыт болуы тиіс.Мысалы Ресейдің өз ішінде ғылыми пікірталас туғызған күмәнді "Спутник V" вакцинасымен Қазақстанда 13,3 мың медицина қызметкері  коронавирусқа қарсы екпе алды және  сәуір-мамыр айларында аталмыш ресейлік  вакцина Қазақстанда халықтың неғұрлым кең тобына қолжетімді болады», деп  денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

Бірақ әлемдегі дамыған прогрессивті мемлекеттердің басым көпшілігі ресейлік "Спутник V" вакцинасынан бас тартып отыр. Дәлел ретінде  Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік "Спутник V" коронавирус вакцинасының тиімділігі дәлелденбегенін және украиндықтарды осы препаратпен егу арқылы зертханадағы тәжірибе жасалынатын «қоян-көжек емес» деп мәлімдегенін айтар едім. Сонымен қатар Украина басшысы «Ресейде жасалған "Спутник V"-вакцинасына, 90-91% кепілдік,яғни нәтиже беретіні туралы ресми ақпарат пен ДДҰ тарапынан да, жетекші сарапшылардан да растау мен қолдау жоқтығы туралы баса айтты.

Әлемдік деңгейдегі беделді медиа басылымдар мен Украина президенті В.Зеленский мырзаның дәлелді- уәжіне орай мен президент Қ.Тоқаев пен Қазақстан үкіметінен  күмәнді ресейлік "Спутник V" екпесінен бас тартып,әлем мойындаған,атап айтсам АҚШ пен Германия компаниялары бірігіп әзірлеген коронавирусқа қарсы " Pfizer/BioTech" вакцинасын түгел Қазақстан халқының денсаулығын қамтамасыз ететіндей көлемде сатып алуға шақырамын.Себебі екпе – талай індеттің алдын алуға сеп болатын бірден-бір құрал. Ал вакцина – ол спецификалық профилактика, яғни  қалыпты өмірге аяқ басуға септігін тигізетін шаралардың бірі.

“Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде” демекші, аурудың алдын алайық, ауырмайық, ағайын!

 

Құрметпен, "Демос"

 ҚБ төрағасы

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ.

Пікірлер