Кәсіпкерлерге шығын келтіргендердің ісі ауыр қылмыспен тең - Тоқаев

4007
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлердің өзара ықпалдастығына қатысты мәселені қозғады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорда. сайтына сілтеме жасап.

"Кәсіпкерлерге орасан зор шығын келтірген мемлекеттік аппарат пен басқа да тұлғалардың ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек деп санаймын. Бұл мәселені шұғыл түрде заңнамалық тұрғыдан рәсімдеу қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің жиында сөйлеген сөзіне түсіндірме берді.

"Сіздер айтқандай, бизнестің мүддесін қорғауға және ілгерілетуге қатысты "кедергілер арқылы жүгіру" дейтін лабиринт бар сияқты. Мәселені іс жүзінде де, заңнамалық бастамалар тұрғысынан да шешу керек. Бұған қатысты тиісті тапсырма беремін. Ал арбитражға, сарапшылар қауымдастығын тартуға байланысты нақты мәселелерге келер болсақ, бұл ұсыныстарға жете мән беру қажет деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың пікірінше, мәселені тиісті мемлекеттік органдар мен үкімет қарастырып болғаннан кейін, шұғыл түрде нақты шешімдер қабылдаған жөн.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер