Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш Instagram желісінде көпшіліктің қызу талқысын тудырған жазба қалдырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оның айтуынша, қазақ халқы әлі де бір байрақтың астына біріге алмай жүр.
«Біз бабалардың қалдырған ұлан байтақ жерімен мақтанамыз. Не оны игеретін ғылымымыз, не қорғайтын қаруымыз жоқ. Иә, Қабанбайдай батырлардың қылышы жоқ, иә, жүйріктердің тынысы жоқ, иә, байларымыздың ырысы жоқ, иә, Наурызбайлардың найзасы жоқ, иә, Кенесарының айласы жоқ, иә, Абайлардың ақылы жоқ, иә, Аяз бидің нақылы жоқ, иә, балуандардың тақымы жоқ, немізбен мақтанамыз? Жасағанымыз ысырап, асағанымыз қиянат, естігеніміз жаманат, аттағанымыз аманат, бұл қалай болды, Жамағат? Білекті батырлардың басын құрап, бір байрақтың астына біріктіре алатын жүректі жігіттерден кім бар" , - деді ол.
«Адырна» ұлттық порталы